Жаңалықтар

24 наурыз 2014
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Француз Республикасының Президенті Франсуа Олландпен кездесті

Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады.

 

Мемлекеттер басшылары ортақ қызығушылық тудырып отырған түрлі салалардағы өзара ықпалдастық аясын кеңейту жайттарын талқылады.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Францияға сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысына да баса назар аударылды.

Бұған қоса, екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар