Жаңалықтар

6 ақпан 2014
Атырау мұнай өңдеу зауытында болу және облыс кәсіпкерлерімен кездесу

Мемлекет басшысы зауыттың қазіргі жұмысымен және алдағы кезеңге арналған жоспарларымен танысты.

 

Мемлекет басшысы зауыттың қазіргі жұмысымен және алдағы кезеңге арналған жоспарларымен танысты.

Облыс кәсіпкерлерімен кездесу кезінде Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаның аясында бүгінде 800 кәсіпорын іске қосылғанын, 700 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, 150 мың адам жұмыспен қамтылғанын айтты.

Қазақстан Президенті биылғы Жолдауда шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне айрықша назар аударғанын еске салды.

- Бұл біз үшін негізгі мәселе, ол елді жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Дамыған елдер бюджеттерінің 80 пайызы шағын және орта бизнестің есебінен толығады. Ал Қазақстанда 300 ірі кәсіпорын бюджет түсімдерінің 80-90 пайызын береді. Бұл дегеніміз шағын және орта кәсіпкерлік тиісінше дамымай жатқанын білдіреді. Мұның неліктен бұлай болып отырғанының себептерін сіздермен бірге талқылағым келді, - деді Мемлекет басшысы.

Кездесу барысында сондай-ақ Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

Атырау мұнай өңдеу зауыты – Қазақстанның ірі өнеркәсіптік кәсіпорнының бірі. Мұнда жұмыспен қамтылғандардың саны 2,5 мыңнан асады. Кәсіпорында мұнай өнімдерінің 21 түрі шығарылады, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 4,17 миллион тонна көлемінде мұнай өңделген. 

 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жұмыс сапарлары
Барлық жұмыс сапарлары