Жаңалықтар

17 қазан 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен «Ортақ әлем: әралуандық арқылы өркендеу» атты сыртқы істер министрлерінің конференциясына қатысты.
big-01Eg.jpg

Конференция жұмысына 60-тан астам мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.


Қазақстан Президенті конференцияның ауқымдылығы Қазақстанның осы жиынды өткізу бастамасына негіз болған мақсаттардың қаншалықты қажетті екеніне дәлел болатынын айтты.


Біріншіден, бұл қазіргі заманғы мәдениеттер мен діндердің, соның ішінде Ислам мен Христиандықтың жаһандану жағдайындағы өзара байланысын ашық та нақты талқылауға мүмкіндік береді.


Екіншіден, бұл бүгінгі әлемдегі саны басым қос мәдени-өркениетті қауымдастықтың адамзаттың болашағы үшін жасап отырған саяси диалогы.


2010 жылы Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) басшылық жасайды, 2011 жылы Ислам конференциясы ұйымына (ИКҰ) төрағалық етеді.


Қазақстан түрлі мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы түбегейлі қарым-қатынасты тереңдетіп, осы ұйымдар мен өзге де халықаралық бірлестіктер аясында нақты шешімдер қабылдатуға күш салатын болады.

- ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету қарсаңында Қазақстан «Еуропаға жол» атты арнайы бағдарлама қабылдап отыр. Бағдарламада еуропалық елдермен экономикалық, саяси және мәдени тұрғыда өзара іс-қимыл жасаудың нақты міндеттері айқындалған. Біз алдымызға ЕҚЫҰ-дағы әріптестердің демократиялық даму тәжірибесін және осы ұйымның базалық талаптарын ескеріп, қоғамдық институттарымызды жетілдіру мақсатын қойып отырмыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар