National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресейдің ХІV өңіраралық ынтымақтастығы форумы аясындағы көрмені аралап көрді

2017 жылғы 09 қараша

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге адам капиталын дамыту тақырыбына арналған көрмеге барды.

Мемлекеттер басшыларына Қазақстан мен Ресейдің білім беру жүйелерінің экспозициялары көрсетілді.

Көрмеге Назарбаев Университеті, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры, «Bilim Media Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы менеджмент университеті, Сүлеймен Демирел атындағы университет, Қазақстан-Британ техникалық университеті, «Қаржы академиясы» акционерлік қоғамы сияқты Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жобалары қойылған.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің