National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Н.Нығматулин Мемлекет басшысына Парламент Мәжілісінің жұмысы туралы баяндады

2014 жылғы 25 ақпан

 

Кездесуде Президент Жолдауын тиімді іске асыру және «Қазақстан – 2050» Стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету үшін қажетті заң жобалары талқыланды.

Н.Нығматулин Мемлекет басшысын Парламент Мәжілісінің заңнамалық қызметі жөнінде хабардар етті, сондай-ақ Президент Жолдауын түсіндіру үшін депутаттардың өңірлерге сапарының қорытындысы туралы айтты.

Мәжіліс төрағасы парламентшілердің халықпен жалпы саны 1300-ден аса кездесуі өткенін, оған 140 мыңдай адам қатысқанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Н.Нығматулин V сайланымдағы Парламент жұмысы кезеңінде 255 заң жобасы қарау үшін қабылданғанын, оның 21-іне депутаттардың бастамашылық еткенін атап өтті. Сенатқа 183 заң жобасы жолданған, қазір оның 173-і заңға айналды. Бүгінде Мәжілістің заңнама қоржынында 60 заң жобасы қаралуда.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндеттер жүктеді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің